«Ақмола облысы Есіл ауданының  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»  КММ

Телефон: 8(71647) 21-9-93, 79-0-44  Мекен-жайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Төлеби көшесі-10 Электрондық пошта: еsil_bib@bk.ru

 

 

Әлеуметтік желілер

Jana Kitaphana -2024 "

«Білім» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры қалалық, аудандық, ауылдық, университет кітапханалары, колледждер мен мектеп кітапханалары арасында Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы «Jana Kitaphana -2024» байқауын өткізді.
Есіл ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі өз жұмысын көрсету мақсатында байқауға қатысып бақ сынады.
Әрине, нәтиже біз үщін қуантарлық болды. Біздің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жұмысы әділ қазылар тарапынан оң бағасын алып, «Біздің кітапханаға қош келдіңіз!» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" Ұлттық Құрылтайының үшінші отырысында сөйлеген сөзінде жастарды оқуға баулу қажеттігін атап өтті. Тек осылай ғана біз оқитын ұлт боламыз. Соңғы жылдары жағдайды түзету үшін белгілі бір қадамдар жасалуда. Кітапхана-мемлекет пен ұлт жадының қазынасы. Кітапханаларда құнды тарихи дереккөздер мен материалдар сақталған. Сондықтан кітапхана жұмысы ерекше назар аударуды қажет етеді.
Кітапхана жұмысының нәтижелі жемісі басшылық жасап, ұйымдастыра білу қабілетінің жетістігі десек, осы тарапта көп жылғы адал еңбегі үшін, Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісін дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін кітапхана басшысы Омарова Алма Бәкенқызына да алғыс хат табысталды.
Құрылған күні: 01.07.2024 11:26
Жаңартылған күні: 01.07.2024 11:26
Қаралым саны: 336

Текст