«Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Телефон: 8(71647) 21-9-93, 79-0-44 Мекен-жайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Төлеби көшесі-10 Электрондық пошта: еsil_bib@bk.ru
Орталық кітапханаға 55 жыл. Бұл дегеніміз аз ба, көп пе? Адам үшін-бұл жетілу, тәжірибесі мол жас болып есептелінеді. Кітапхана үшін де солай іспеттес. Тыңның алғашқы жылдарында шағын қор ескі ғимаратта орналасқан, қазіргі «Қодак» ательесінің орнында, содан кейін 1963 жылы аудандық Мәдениет үйі ашылып, кітапхана соның 2-ші қабатына ие болды. Есіл аудандық кітапханасының жолы - үш мың дана кітап, негізінен көркем әдебиет, 200-ге жуық оқырман, 2 штаттық қызметкерінен бастау алды. Кітапхананың алғашқы басшысының бірі Л. И. Зорина болды. Содан бері көп уақыт өтті, қызметкерлер, басшылар өзгерді, кітап қоры толықтырылып, оқырмандар саны артып, көптеген қызықты іс-шаралар өтті. Осы күнге дейін де орталық аудандық кітапхана Есіл қаласының мәдени-ақпараттық орталығы болып табылады.
2006 жылдан бастап кітапхана бұрынғы Қаз.поштада орналасқан. 2014 жылы ОКЖ директорының арқасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кітапхана жаңа жиһазбен, стелаждармен жабдықталған, ғаламторға шығатын үш компьютер бар, кітапханашылар мен оқырмандар компьютермен жұмыс істеуге ашық қол жеткізе алады. Аудандық кітапхананың кітап қоры 30000 мың дана кітапты құрайды, оның ішінде 8400 мемлекеттік тілде және сондай-ақ ағылшын, украин тілдерінде де әдебиеттер бар.
Орталық кітапханада оқырмандармен қарым-қатынастың басты орнын абонемент кафедрасы алады. Мұнда пайдаланушылар назарына хабарландырулар, жарнамалар ұсынылады, кітаптарды қабылдау және беру жүргізіледі.
Әрбір жаңа оқырман үшін жеке әңгіме, кітапхана бойынша экскурсия жүргізіледі, оның барысында жұмыс тәртібіне, кітапхананы пайдалану ережесі, ресімделген кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер, кітап қорын орналастыру, үйге берілетін әдебиет бөлімдеріне назар аударылады. Күн сайын кітапханашылар 30-дан 50-ге дейін оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Ал жарық та, жайлы кітапхананың оқу залында әрбір оқырман тыныш жағдайда мерзімді басылымдарды оқып, энциклопедиялармен, сөздіктермен, шығарма немесе реферат жаза алады.
Мерзімді баспасөздің 36 атауынан -17 газет, 19 журнал, олардың 22 атауы мемлекеттік тілде, әрбір пайдаланушы, оқушы немесе зейнеткер болсын, мұнда өзіне қызықты журналдар немесе газеттер табады. Үлкен сұранысқа ие газеттер: Ана тілі, Қазақстан заман, Ақ босаға, Қызық газет, Аргументы и факты, Комсомольская правда, Время.
Орталық кітапхана 2006-2017 жылдары «Қазақстан - біздің ортақ үй» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, оның басым бағыттары ҚР Үкіметінің материалдарын, Президенттің халыққа Жолдауларын насихаттау, өңірдің ұлттық, эстетикалық, мәдени-тарихи тілдік дәстүрлерін жаңғырту және сақтау, өлкетану әдебиеттерін насихаттау болып табылады.
Модельдік орталық кітапхана меңгерушісі - Сүлейменова Ардақ Жалғасбайқызы.