КГУ  «Централизованная библиотечная система отдела внутренней политики, культуры и развития языков Есильского района Акмолинской области»

Телефон: 8(71647)20-8-15, 21-9-93   Адрес: Акмолинская область, Есильский район, г.Есиль, улица Толеби-10 Электронная почта: esil_bib@bk.ru

 

Социальные сети

«Ахмет Байтурсынов – духовный лидер нации»

Модельді орталық кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынов – ұлттың рухани көшбасшысы» тақырыбында портрет кеші өтті. Іс-шараға аудан мектептерінің оқушылары, мұғалімдері және орталық аудандық кітапхананың оқырмандары қатысты. Ағартушы, қазақ әрпінің негізін салушы, ақын, жазушы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау - бұл еске алу кешінің негізгі тақырыбы болды. Аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелеп бергеннен кейін,  оқушылар мен оқырмандар ақын шығармашылығынан өз орындауларынан өлеңдер тарту етті. Сонымен қатар іс-шара барысында ақынның өмірі туралы бейнероликтер көрсетіліп отырылды. «Халықтың Ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі және әдеби шолулар ұйымдастырылды. (Қатысушылар саны – 25 адам).

Страница создана: 26.11.2024 11:58
Страница обновлена: 26.11.2024 13:32
Просмотров: 55

Текст