Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай кітапханада оқушылардың қатысуымен «Қазақ жырының қыраны!» атты портрет кеші өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның әдеби мұрасын насихаттау, өлеңдері арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін, адамгершілік қасиеттерді дарыту және көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Кеш барысында оқушылар Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мағлұмат алып, ақынның қазақ әдебиетіндегі орны мен поэзиясының ерекшелігіне тоқталды. Ақынның туған жерге, Отанға, елге деген сүйіспеншілікті жырлаған өлеңдері оқылып, шығармаларының тәрбиелік мәні талқыланды.
Қасым Аманжолов – қазақ поэзиясына өзіндік өрнек әкелген, жалынды жырларымен халық жүрегінен орын алған дара тұлға. Оның бай әдеби мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін рухани қазына, ұлттық әдебиетіміздің асыл мұрасы.
Портрет кеші оқушыларға ақын шығармашылығын тереңірек танып, қазақ поэзиясының құндылығын бағалауға мүмкіндік берді.
Құрылған күні: 09.10.2026 17:14
Жаңартылған күні: 09.10.2026 17:14
Қаралым саны: 45