КГУ  «Централизованная библиотечная система отдела внутренней политики, культуры и развития языков Есильского района Акмолинской области»

Телефон: 8(71647)20-8-15, 21-9-93   Адрес: Акмолинская область, Есильский район, г.Есиль, улица Толеби-10 Электронная почта: esil_bib@bk.ru

 

Социальные сети

«Духовное возрождение»

Заречный ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Селянка» клубы мүшелерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» тақырыбында ақпарат сағатын өткізді.  Елбасы жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау екенін баса айтып, онсыз жаңғыру дегеніңіз – құр жаңғырық дегені орынды. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылық­та­ры­мыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде сол құнды­лықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз. Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. (Қатысқандар саны – 11 адам).

Страница создана: 26.11.2024 11:56
Страница обновлена: 26.11.2024 13:33
Просмотров: 49

Текст