«Ақмола облысы Есіл ауданының  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»  КММ

Телефон: 8(71647) 21-9-93, 79-0-44  Мекен-жайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Төлеби көшесі-10 Электрондық пошта: еsil_bib@bk.ru

 

 

Әлеуметтік желілер

"16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні 2023"

Тарихы тереңде жатқан, өз алдына егеменді ел болған Тәуелсіздік күніне 32 жыл толып отыр. Осы орайда Есіл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Красивый ауылының жалпы білім беретін мектебінің директоры- Шотан Асылбек, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі- Самалханұлы Сейтхан және 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен “Тәуелсіз елім -Қазақстан” атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, оқушылар тақырып аясында өз ойларымен бөлісті. Тәуелсіздік туралы бейнежазба көрсетіліп, қатысушыларға сұрақтар қойылды. Одан әрі оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқыды. Шара соңында тәуелсіздікке арналған кітап көрмесімен таныстырылып, Өлкетану бұрышын тамашалап, тарихи жәдігерлермен таныстырылды. Осы орайда, іс-шарамызға келген қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрылған күні: 20.12.2023 10:09
Жаңартылған күні: 20.12.2023 10:10
Қаралым саны: 363

Текст