Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Орталық аудандық кітапханада «Өнер- халық қазынасы» атты көрме аясында қолданбалы өнер шеберлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға Ақмола облысының мәдениет басқармасы және Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы атынан дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Марапаттарды аудан әкімінің орынбасары Е.Сыздықпаев табыстап, шеберлерге ұлттық өнерді сақтау мен дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысын білдіріп, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер және алдағы уақытта толағай табыстар тіледі.

Құрылған күні: 04.05.2026 12:15
Жаңартылған күні: 04.05.2026 12:15
Қаралым саны: 130