«Еңбек құқығы – азамат құқығы»

Бүгін Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Руслан Анатольевич Пиденконың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қатысты өзекті мәселелер, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, еңбекті қорғау талаптары және еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері қарастырылды.

Қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және еңбек кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған еңбек заңнамасындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 2026 жылғы маусымнан бастап еңбек қатынастарын рәсімдеуге бақылау күшейтілді. Егер азаматтық-құқықтық шарт іс жүзінде еңбек шартының белгілеріне ие болса, мұндай шарт жасасуға жол берілмейді. Бұл норма еңбек қатынастарын өзге шарттармен алмастыруға жол бермеуге және қызметкерлерге заңда көзделген кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан қажетті түсініктемелер алды.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ еңбек заңнамасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Осындай кездесулер қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етіп, әр азаматқа өз еңбек құқықтарын білу мен қорғаудың маңыздылығын еске салады.

Құрылған күні: 09.10.2026 17:06
Жаңартылған күні: 09.10.2026 17:06
Қаралым саны: 43