Орталық модельді кітапхананың оқу залында «Есіл – тың қақпасы» атты алғашқы тың игерушілер мен олардың отбасыларымен кездесу өтті. Тыңдаушылар ретінде кітапхана қызметкерлері мен кітапхананың белсенді оқырмандары шақырылды. Кездесуді кітапханашы және үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметкері жүргізді. Іс-шара әр түрлі жоспарлы сипатқа ие болды. Құжаттар, кітаптар, фотосуреттер, альбомдар мен мұражай экспонаттарынан көрме ұйымдастырылды. Кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасады. Слайдтар көрсетіліп, тың тақырыбына туған «Жаңа қоныс иелері келе жатыр», «Тың игеру», «Жас агроном», «Ас атасы-Нан» әндері шырқалды. Кездесу жүргізушілері Тың туралы әңгіме барысында тыңға қатысушылардың құжаттарын, фактілерін, естеліктерін пайдалана отырып айтып берді. Тың туралы частушки, өлеңдер оқылды, сондай-ақ бейнеролик көрсетілді. Шақырылған қонақтар өздерінің естеліктерімен, 1954 жылғы оқиғалар – тың игерудің басталуы туралы әсерлерімен бөлісті, үй, клубтар, кинотеатрлар және басқа да қызықты нысандар салған кейінгі жылдар туралы ой-пікірлер қызықты болды. Кездесу достық көңіл-күймен өтті және шара соңы қонақтармен тәтті шәй ішумен аяқталды.

