Іс-сапар аясындағы кездесу

Есіл орталық кітапханасына іс-сапармен Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспан келді.
Кездесу барысында кітапхана жұмысын ұйымдастыру, оқырмандарға сапалы қызмет көрсету, кітап оқу мәдениетін насихаттау, заманауи жобалар мен жаңа жұмыс бағыттарын дамыту мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар кітапхана қызметкерлерімен пікір алмасып, тәжірибемен бөлісуге, өзекті мәселелерді талқылауға және алдағы жұмыстарға қатысты ұсыныстарды ортаға салуға мүмкіндік болды.
Құрылған күні: 09.10.2026 17:18
Жаңартылған күні: 09.10.2026 17:18
Қаралым саны: 41