КГУ  «Централизованная библиотечная система отдела внутренней политики, культуры и развития языков Есильского района Акмолинской области»

Телефон: 8(71647)20-8-15, 21-9-93   Адрес: Акмолинская область, Есильский район, г.Есиль, улица Толеби-10 Электронная почта: esil_bib@bk.ru

 

Социальные сети

«Сакральная география Акмолинской области»

Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол — ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі».

28 – ақпан күні орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Кеңес залында қала мекемелерінің басшылары, Есіл аудандық әкімінің орынбасары, мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен «Ақмола облысының сакральды географиясы» ақпарат сағаты өтті. ОКЖ басшысы Омарова Алма Бәкенқызы өзінің алғы сөзімен кешті бастап берді. Одан әрі кеш жүргізушілері  Қазақстанның 100 қасиетті нысана енген Ақмола облысының тарихында елеулі орын алатын 10 қасиетті орындары мен кешендері жайлы таныстырып, тарихына тоқталып өтті. Мәслихат хатшысы Сәуле Кәмелқызы рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын, ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын, оқырмандар бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіруде өткізілген іс – шараға орай кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Кеш тақырыбына орай фото көрме безендендірілді. (Қатысушылар саны – 40 адам).

 

 

 

 

Страница создана: 26.11.2024 11:53
Страница обновлена: 26.11.2024 13:36
Просмотров: 61

Текст