КГУ  «Централизованная библиотечная система отдела внутренней политики, культуры и развития языков Есильского района Акмолинской области»

Телефон: 8(71647)20-8-15, 21-9-93   Адрес: Акмолинская область, Есильский район, г.Есиль, улица Толеби-10 Электронная почта: esil_bib@bk.ru

 

Социальные сети

«Үш бәйтерек-үш асыл»

«Есіл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де №3 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары үшін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Үш бәйтерек-үш асыл» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шара басында біздің тарихымызда қайғылы сәттердің көп болғанын, яғни тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмей, осындай көптеген асыл құрбандарымыздың арқасында келгенін атап өтті. Сол себепті  жас ұрпақ, тәуелсіз Қазақстанды құрудың бастауында тұрған, бостандық үшін күрескендерді мәңгі есте сақтап және оларды жатқа білу керек. Есімдерді қайтару дәуірі басталды, және жала жабылған Қазақстанның барлық ұлы тұлғалары халыққа қайта оралды. Оның ішінде, С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, І. Жансүгіровтің есімдері қайтарылды, қалпына келтірілді және ақталды, сондай-ақ олар отандық әдебиетті дамыту ісіне және қазақ әдебиетіне лайықты үлестерін қосты. Кітапханашылар оқушыларға қуғын-сүргінге ұшырағандардың тағдырын олардың жақындары, балалары, достары да көргендерін еске салды... Одан кейін оқушыларды қазақ жазушыларының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып, С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасына, Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасына, І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына тоқталып өтті. Әдеби-танымдық кеш одан әрі «Үш бәйтерек» слайд-презентациясының көрсетілімімен жалғасты, сонымен қатар оқушылар олардың шығармаларынан үзінділер оқыды. Шара соңында С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров шығармаларына библиографиялық шолу жасалды. Кітапханашылар қазақ авторларының шығармаларының тақырыбы мен мазмұнын ашып, олардың азаматтық және қоғамдық қызметі халықтың ұлттық рухын жоғары деңгейге көтергенін атап өтті.

Страница создана: 26.11.2024 11:59
Страница обновлена: 26.11.2024 13:31
Просмотров: 62

Текст