«Ұлы халықтың – ұлы Абайы»

Бүгін Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы мен рухани мұрасына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты презентация өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмір жолының негізгі кезеңдерімен, ақындық шығармашылығымен, ағартушылық идеяларымен, «Қара сөздерінің» тағылымымен және бай ән мұрасымен танысты.

Көрнекі презентацияда ақын шығармаларынан үзінділер, қанатты сөздері, тарихи деректер мен мұрағаттық фотосуреттер ұсынылып, Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, ұлттық сананың дамуына қосқан зор үлесі жан-жақты көрсетілді. Сонымен қатар, ұлы ойшылдың білім, ғылым, еңбек, адамгершілік және рухани кемелдену туралы ой-толғамдарына ерекше назар аударылды. Бұл құндылықтар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың бай рухани мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырып, туған халқының мәдениетіне деген құрметін, патриоттық сезімін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру.

Құрылған күні: 06.08.2026 15:56
Жаңартылған күні: 06.08.2026 15:58
Қаралым саны: 86