«Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Телефон: 8(71647) 21-9-93, 79-0-44 Мекен-жайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Төлеби көшесі-10 Электрондық пошта: еsil_bib@bk.ru
2025 жылдың 3 тамызында Қазақстанда теміржолшылардың кәсіби мерекесі ретінде танымал теміржол көлігі қызметкерлері күні атап өтілді. Ол тамыздың бірінші жексенбісіне келеді және 2025 жылдан бастап елдегі кәсіптік мереке ретінде қайта бекітілді.
Атаулы мереке қарсаңына орай, өз өмірінің 40 жылын теміржолға арнаған керемет нәзік те, мықты әйел туралы және темір жолдармен тығыз байланысты барлық әулет туралы айтқым келеді.
Жаңыл Жұмабекқызы Ерубаева 1949 жылдың 31 қаңтарында Қостанай облысы Новотроицк кентінде дүниеге келген. 1965 жылы сегіз сыныпты бітіргеннен кейін ол Целиноград теміржол техникумына оқуға түседі. Бірінші практика 79-шы разъезде өтті, ал тарату бойынша 1969-1970 жылдары Жаркөл станциясы бойынша кезекші болып жұмыс істеді.
1970 жылы тұрмысқа шығып, Есіл қаласына отбасымен көшіп келеді. Мұнда теміржол станциясында ол тауар кассирі ретінде жұмыс істей бастады. 1986 жылы Есіл станциясының кезекшісі болып ауыстырылды, онда ол 2007 жылы лайықты демалысқа шыққанға дейін жұмысын жалғастырды. Бірақ зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, 2008 жылдан 2014 жылға дейін Есіл станциясының торабы бойынша Ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.
Жаңыл Жұмабекқызының жалпы еңбек өтілі - 40 жыл. Осы жылдар ішінде ондаған мың жұмыс ауысымы, жүздеген пойыздар, мыңдаған адамдар өмірі байланыста болды. Бірақ ең бастысы — әріптестер мен Есіл тұрғындарының құрметі мен алғысы бөлене білді.
Анасының жолын қуған қызы Гүлнара Тілеухорқызы Жанбосынова 1992 жылдан бастап Есіл станциясында билет кассирі болып жұмыс істейді. Үздіксіз 33 жыл ішінде ол аға билет кассиріне дейін барды. Адал еңбегінің нәтижесінде Гүлнара Жанбосынова теміржолға сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталды.
Сол сияқты, күйеу баласы Болат Аманжолұлы Жанбосынов - теміржолға 25 жылын арнап, зиянды өндірісте еңбек етіп, 55 жасында лайықты мерзімінен бұрын зейнетке шықты.
Осындай отбасы, сенімді, шынайы, жұмыс қолдары мен үлкен жүрегі бар адамдар көп болсын. Еңбектеріңіз үшін рахмет!
Теміржолшылар күні құтты болсын!