Коммунальное государственное учреждение "Централизованная библиотечная система отдела  внетренней политики, культуры и развития языков Есильского района 

Телефон: 8(71647)20-8-15, 21-9-93   Адрес: Акмолинская область, Есильский район, г.Есиль, улица Толеби-10 Электронная почта: esil_bib@bk.ru

 

Социальные сети

"Рухани қазына - 2021"

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бұл күні мәдениет саласы мамандары жыл бойы атқарған жұмысына есеп береді. Ал осынау мәртебелі мамандық иелерінің  атқарар жұмысы да, көрсетер нәтижесі де, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы жүйелі жұмыстар мен жоспарлар күшіне енгелі бері талай ауқымды жобалар жүгі осы сала мамандарының иығына түскені және рас. 

Осы атаулы мереке қарсаңында ағымдағы жылдың 18 мамыр күні облыс орталығы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова мәдениет саласы қызметкерлерін марапаттады.

Бір аса қуанышты жайт, біздің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 Омарова Алма Бәкенқызы көп жылдан бері Есіл орталықтандырылған кітапханалар жүйесі саласында басшылық қызметте тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі тұлға. Бойындағы еңбекке адал, мақсатқа берік  қасиеттердің арқасында бүгінде кітапхана ұжымын шебер басқарып келеді. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. 

Бүгінгідей мерейлі сәтте Омарова Алма Бәкенқызына ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

 

 

 

 

 

 

Страница создана: 27.05.2021 16:27
Страница обновлена: 02.11.2023 10:50
Просмотров: 332

Текст